“Жұлдыз”, “Жұлдыз-1” балабақшасы құрылтайшысы.
Білімі: жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті.
Мамандығы:
• Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы
• Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие
Еңбек өтілі: 25 жыл
![]() |
![]() |
“Жұлдыз”, “Жұлдыз-1” балабақшасының ұжымы!
Ұжым-нақты бір сала негізінде, бір бағытта, белгілі бір маман иелерінің бір уақыттарда тоғысқан мекені. Ұжымның әрбір қызметкері күн сайын тәуліктің бір бөлігін қызмет барысында ұжыммен өткізетіндігі рас. Уақыт өте келе бір-біріне тілектес, сырлас, дос, әріптес болып кете береді.
“Игі істің басына, жақсы келер қасына” - демекші “Жұлдыз” балабақшасы 2019 жылдың мамыр айынан бастап өз қызметін ұсынды.
Қызметкерлердің біразы сол уақыттан бастап, бүгінгі күнге дейін балабақшада еңбек етіп келеді.
Бала жанының бағбаны болған, өз ісіне аса үлкен жауапкершілікпен қарайтын әр маманның еңбегі зор.
“Бір қолымен бесік тербетіп, бір қолымен әлем тербеткен” Ана секілді, ғажайып маман иелері, бала жанарына нұр сыйлаған, күндей күлімдеген, баланы ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелеп, білім берген-Ұстаздар!
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деп ұлы Абай бабамыз айтқандай, Ұстаздар қауымының жас ұрпақтың санасына берген тәлім – тәрбиесі мен үлгі-өнегесі өлшеусіз!
Ұстаздар - жастардың ертеңгі күнін айқындайтын, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыратын ұлы тұлғалар!
Бүгінгі еккен дәндерінің ертеңгі күні жемісін ел көретіні сөссіз!
Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.33): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/zhuldyz-samgau.testim.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46
НЕСИПБАЕВА РОЗА МӘЛІКҚЫЗЫ

